Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Кореяда коронавирустың үшінші толқыны байқалады
09:12 / 2020-12-24

Оңтүстік Корея пандемияға қарсы жаңа шаралар қолданады, өйткені елде күнделікті аурулардың саны күрт өсіп рекордтық жағдай тіркелді. Шектеу 24 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін қолданыста болмақ.

Үкімет елдегі коронавирустың үшінші толқыны басталғанын жариялады және Жаңа жыл мерекесін тойлауға қатаң шектеулер енгізу туралы шешім қабылдады.

23 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 15 мыңнан астам адам коронавируспен емделуде, олардың 284-нің жағдайы ауыр екендігі айтылып, соның салдарынан елде қарқынды терапия орындарының жетіспеушілігі туралы алаңдаушылық тудындаған.

Мемлекет аумағында карантин талаптары 24 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін жалғасатын болып, елде 5-тен астам адамның жиналуына тыйым салынған және аттракциондар, тау шаңғысы курорттары мен басқа қысқы спорт нысандары жабық болады.

Соңғы дерекке сай, Оңтүстік Кореяда тәжіндетінен жапа шеккендер саны 52,5 мыңнан асқан.