English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Кореяда коронавируспен күреске әскери күштер жұмылдырылды
16:41 / 2020-12-14

Оңтүстік Кореяда жексенбі күні коронавирус жұқтырған жандар саны рекордты көрсеткішке жетіп, ел үкіметі індетпен күрес үшін әскери көмегіне жүгінген.

«Ёнхап» агенттігінің хабарлауынша, бір күн бұрын, елде індет жұқтырған адамдардың рекордтық өсімі 1030 жан тіркелген. Осы жағдайдан кейін әскерилер арнайы жасақ қолбасшылығынан барлығы 379 әскер Сеулге және оның айналасындағы 79 денсаулық орталығына екі ай ішінде контактілерді анықтау, деректерді басқару және вирусты тексеру сияқты әр түрлі көмекші рөлдерді орындау үшін жұмылдырылған.

Сенбі күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин жағдайды өте ауыр деп атады және биліктің коронавирустың екінші толқынын ұстай алмағаны үшін кешірім сұраған.

Қазіргі кезде коронавирус жұқтырудың басым көпшілігі Сеул аймағында тіркелген.

Елде қолданылып жатқан қатаң шектеу шараларына қарамастан, жағдай нашар түс алған. Атап айтқанда, 50-ден астам адамның жиналуына тыйым салынады, спорттық шараларға көрермен келмейді. Кафелер тек тапсырыс беру үшін жұмыс істейді, ал мейрамханалар 21:00-де жабылады.

Пандемия басталғалы Оңтүстік Кореяда 42,7 мыңнан астамның инфекция жұқтырғаны тіркеліп,  580 адам қайтыс болған.