Оңтүстік Корея Өзбекстанда цифрлық банк ашуды жоспарлауда
Өзбекстанға іскерлік сапармен келген Оңтүстік Кореяның BNK Kyongnam Bank басқарма төрағасы Чой Хонг Йонг бастаған делегация мүшелері Орталық банк басшылығымен кездесті.
BNK Kyongnam Bank басшылығы цифрлық банкинг қызметтеріне мамандандырылған еншілес банк ашу арқылы Оңтүстік Корея банкінің Өзбекстанның қаржы нарығында қатысуын кеңейту жоспарларымен бөлісті. Орталық банк өкілдері Өзбекстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес банк ашу тәртібі туралы ақпаратпен таныстырды.
1970 жылы негізі қаланған BNK Kyongnam Bank AJ BNK Financial Group INC. қаржы тобына кіреді және Кореядағы ең ірі қаржы институттарының бірі болып табылады. 2021 жылдың 11 наурызында BNK Kyongnam Bank Өзбекстан Орталық банкінің аккредитациясы негізінде елдегі өкілдігін ашқан болатын.