Оңтүстік Корея әскери-әуе күштерінің екі ұшағы әуеде соқтығысты
Оңтүстік Корея әскери-әуе күштерінің екі KT1 жаттығу ұшағы оқу-жаттығу кезінде әуеде соқтығысып, Сачон қаласына жақын жерде құлады.
Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, әуеде соқтығысқан екі ұшақ Кёнсан-Намдо провинциясының Сачон ауданындағы Куп ауылы маңындағы күріш алқабына құлаған. Апат нәтижесінде үш ұшқыш қаза тауып, біреуі ауыр жараланған.
"1 сәуірде жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 13:35-те Сачхоне әскери-әуе базасынан екі әскери-әуе күштерінің КТ-1 жаттығу ұшағы оқу-жаттығу кезінде соқтығысып апатқа ұшырады. Біз ұшқыштардың жағдайын және олардың эвакуацияланын тексеріп жатырмыз", - делінген әскерилер берген хабарламада.
Оқиға орнына өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметінің 30-дан астам бригадасы жіберілді, деп айтылады Рёнхап ақпаратында.