Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Корея қоғамдық көліктерде міндетті маска тағу талабын алып тастайды
15:23 / 2023-03-15

Оңтүстік Корея 20 наурыздан бастап қоғамдық көліктерде міндетті маска тағу талабын алып тастайды.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Оңтүстік Корея ішкі істер министрінің орынбасары Хан Чан Соп үкімет отырысында COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық көлікте міндетті бетперде тағуды дүйсенбіде алынып тасталатынын айтты.

«30 қаңтарда маска тағу талаптары реттелгелі бері вирустық жағдай тұрақты болды, орташа тәуліктік вирустық инфекциялар саны 38 пайызға және жаңа ауыр науқастар саны 55 пайызға азайды», - деген ол.

Сонымен қатар, министрдің орынбасары «қоғамдық көлік пайдаланушыларына тығыз кезде, қауіпті топтар мен ауру белгілері бар адамдарға бетперде кию ұсынылады» деп қосқан.

Бұған дейін 30 қаңтарда Оңтүстік Корея үкіметі үй ішінде міндетті маска тағуды алып тастаған еді.