Оңтүстік Корея президентіне қарсы бүлік ұйымдастыру айыбы тағылды
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльға қарсы бүлік ұйымдастыру айыбы тағылды.
Егер ол әскери жағдай жариялағаны үшін айыпты деп танылса, ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оңтүстік Корея прокуратурасы президент Юн Сок Ёлды бүлік ұйымдастырды деп айыптады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, прокуратура президенттің 2024 жылғы 3 желтоқсанда қысқа мерзімді әскери жағдай енгізгенін бүлік деп бағалаған. Әскери жағдай 6 сағаттан кейін жойылды.
«Прокурорлар Юн Сок Ёльды бүлікке жетекшілік етуде айыпты деп тану туралы шешім қабылдады», деді Демократиялық партияның баспасөз хатшысы Хан Мин Мин.
Егер Юн Сок Ёль айыпты деп танылса, ол ұзақ мерзімді түрме жазасына кесілуі мүмкін.