Оңтүстік Корея тергеушілері екінші рет әрекет етіп, президент Юн Сок Ёльды қамауға алды.
BBC хабарлауынша, бұл жолы да үкіметтен шеттетілген президент резиденциясындағы бірнеше сағатқа созылған қарсыласудан кейін тергеушілер оны Коррупцияны тергеу бюросына алып кетті.
Юн біраз уақыт бұрын видеода өзінің қамауға алынуын әлі де заңсыз деп санайтынын, бірақ қан төгілуінің алдын алу үшін тергеушілер мен полицияға бағынуға шешім қабылдағанын айтқан.
2024 жылдың желтоқсан айының басында Оңтүстік Корея президентінің елде әскери жағдай жариялауға талпынысы сәтсіз аяқталды, сондықтан парламент оны бүлік ұйымдастыруда айыптап, мемлекет басшысына импичмент жариялаған.
Юн Сок Ёль 14 желтоқсанда (парламент импичментке дауыс бергеннен кейін) президенттік міндеттерінен шеттетілді, бірақ оны лауазымынан босату үшін импичментті Конституциялық сот та мақұлдауы керек. Сот шешімі шыққанша, Юн Сок Ёль ресми түрде президент болып қала береді.