French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Корея компаниясы Сырдарияда «ақылды» жылыжай салады
17:41 / 2022-11-01

Өзбекстанға іс-сапармен келген Оңтүстік Кореяның «Hanjin agrisulture and industrial Co.LTD» компаниясының басшысы бастаған делегация Сырдария аудандық әкімдігінде кездесу өткізді.

Кездесуде Кореялықтарға облыстың экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

«Кездесу барысында «Hanjin agrisulture and industrial Co.LTD» компаниясының басшысы Гүлістан ауданында оңтүстіккореялық технологиялар негізінде жобалық құны 10 млн АҚШ долларын құрайтын «ақылды» жылыжайларды құру және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда ынтымақтастық орнату туралы ұсыныс жасады», делінген «Dunyo» ақпараттық агенттігі хабарында.

Осы мәселе бойынша тараптар өзара келісімге келдінгені айтылады ақпаратта.