Google Оңтүстік Кореяда бәсекелесті ығыстырмақ болғаны үшін 32 миллион доллар айыппұл салынды.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның Әділ сауда комиссиясы (KFTC) Alphabet Inc компаниясының бір бөлігі болып табылатын АҚШ-тағы Google компаниясына оңтүстіккореялық One Store Co платформасын мобильді қосымшалар нарығынан ығыстыру әрекеті үшін 42,1 миллиард вон (32 миллион доллар) көлемінде айыппұл салды.
Google NCSoft және Netmarble, сондай-ақ Қытай компаниялары сияқты оңтүстік кореялық әзірлеушілерден шетелде жарнама жасау және одан әрі қолдау көрсету үшін жаңа ойындарды тек Play Store арқылы шығаруды сұрады, делінген хабарламада.
Google тек өз дүкені арқылы ойындарды тарататын әзірлеушілерге қандай да бір артықшылықтар ұсынудан бас тартады.
Айта кетер болсақ, Америкалық компания Оңтүстік Кореядағы мобильді қосымшалар нарығының төрттен үш бөлігіне иелік етеді.