Оңтүстік Африкадағы су тасқынынан 253 адам қаза тапты
Оңтүстік Африканың Квазулу-Натал провинциясында су тасқыны салдарынан 253 адам қаза тапты.
Штаттың денсаулық сақтау жөніндегі атқарушы кеңесінің мүшесі Номагугу Симеланенің мәлімдеуінше, апта басынан бері елдегі ең ірі қалалардың бірі Дурбан мен оның маңындағы аудандарда қатты нөсер жауған.
Жауын-шашынның деңгейі рекордтық көрсеткішке - шаршы мертірде 300 мм-ге жеткен және толассыз жауған жаңбыр су тасқыны мен көшкінге әеп соққан.
Табиғи апат жүздеген ғимараттарды қиратып, Дурбан портының жұмысын тоқтатты.