Оңтүстік Африкада су тасқыны құрбандарының саны 341-ге жетті
Оңтүстік Африка Республикасындағы Квазулу-Натал провинциясындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар 341 адамға жетті.
Associated Press басылымының хабарлауынша, жергілікті билік құрбандар саны артады деп болжауда. Өйткені қазірге дейін ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқару операциясына көмектесу үшін Оңтүстік Африканың ұлттық қорғаныс күштері тартылған.
Этеквини қаласының губернаторы Мксолоси Каунда су тасқынынан муниципалитет пен көрші Дурбан қаласына келтірілген шығын 52 миллион доллар деп бағалаған. Табиғи апат салдарынан қазірде Дурбан мен Этеквини қалаларында су мен электр қуаты үзіліп, оларды қалпына келтіруге кемінде бір апта қажет екені айтылған
Синоптиктердің болжамынша жауын әліде жалғасады деп күтілуде.