Оңтүстік Африкада қар жауып ауа температурасы күрт төмендеп кетті
Оңтүстік Африкада күшті желмен араласқан жауын қарға айналып, ауа температурасы күрт төмендеп кетті.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 49 адамның қаза тапқаны белгілі болды, бұл санның әлі де артуы мүмкін. Күшті циклон ОАР-дың бірнеше провинциясын қамтып, шамамен 500 мың тұрғын электр жарығынсыз қалды.
Метеорологтар елдің шығыс бөлігінде ауа райы одан әрі суытып, дауыл күшейіп, жаңбыр мен қар жауатыны жөнінде ескерту жасады. Африканың оңтүстігінде (маусым–тамыз аралығы – оңтүстік жарты шарда қыс мезгілі) қар жаууы қалыпты құбылыс саналғанымен, мұндай қақаған аяз ешкімнің күтпеген оқиғасы болды.