Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Африкада газдан ондаған адам қаза тапты
15:29 / 2023-07-07

Оңтүстік Африкада газ иісінен кем дегенде 17 адам, оның ішінде үш бала қайтыс болды.

Sky News хабарынша, Йоханнесбург қаласының маңындағы Боксбург ауданындағы оқиғадан кейін екі адам ауруханаға жеткізілген. 

Ұлттық апат және төтенше жағдайларды басқару қызметінің өкілі Уильям Нтлади SABC мемлекеттік телеарнасының тілшісіне: Осы уақытқа дейін 24 адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, деген.

Жедел-іздестіру тобы газ шыққан маңда 100 метр радиуста зардап шеккендерді іздеуде.

Жергілікті билік бұл оқиғаның заңсыз газ өндіру жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін екенін мәлімдеген.