Оңтүстік Африка президенті COVID-19 жұқтырды
Оңтүстік Африканың 69 жастағы президенті Сирил Рамафоса COVID-19 жұқтырды.
«Президент Сирил Рамафоса жексенбіде тапсырған вирустық инфекцияға қарсы тестілеу оң нәтиже көрсетіп, ол COVID-19 жеңіл белгілерінен ем алуда», - делінген президент кеңсесінің Twitter-де жарияланған мәлімдемесінде.
Қазір Рамафосаның коронавирус инфекциясына байланысты ол оқшауланған, ал президенттің өкілеттігі уақытша вице-президент Дэвид Мабузаға берілген.
Хабарда, 69 жастағы президенттің Кейптаундағы шараға қатысқаннан кейін өзін нашар сезінгені аталып, қазір оның көңіл-күйі «жақсы» және Оңтүстік Африка қорғаныс күштерінің әскери-медициналық қызметі мамандарының бақылауында екені көрсетілген.