Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Отандастар қоры байқау жариялады
19:05 / 2021-06-05

Шетелге тарыдай шашылған Қазақ атаулығы қол созып, барлық көмекті қаймықпай орнықты көрсетіп келе жатқан “Отандастар қоры” ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық фотобайқау жариялады!

Байқауға шетелде тұратын 16 жастан асқан, отандастар қатарынан тілек білдірушілердің барлығы бірдей қатыса алады.

Байқауға қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы сайтта тіркеліп, мына электронды мекен-жайға өз жұмысын жіберуі керек: otanevents@mail.ru (міндетті түрде қосымша ілеспе хатымен бірге).

Ілеспе хатта төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:

  • А.Т.Ә., туған жылы, айы, күні және байланыс деректері (елдің коды мен телефон номері);
  • Қай номинация бойынша жолданғаны нақты жазылған байқау жұмысының атауы;
  •  Түсіру орны мен қысқаша сипаттамасы көрсетілген суреттің атауы (100 символдан артық емес);
  • Әрбір қатысушы кез келген номинация бойынша 1 (бір) байқау жұмысын жібере алады (1, 2 немесе 3 номинацияға қатысуына мүмкіндік бар);
  • Байқауға қатысқан фотожұмыстардың авторлық құқығы «Отандастар қоры» КеАҚ-на (бұдан әрі - Қоғам) беріледі.

Байқаудың межелі мерзімі:

1. Байқау 2021 жылғы 1 маусым мен 27 тамыз аралығында өтеді;

2. Байқауға тіркелу және байқау жұмыстарын қабылдау 2021 жылғы 1 маусымнан 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

3. Байқау қорытындысы Қоғамның ресми сайтында және әлеуметтік желілерде 2021 жылғы 27 тамызда жарияланады.

Байқаудың номинациялары:

1. «Әдемі тұлғалар» (шетелде тұратын отандастардың фотопортреттері);

2. «Менің сүйікті өлкем» (киелі нысандар, қала пейзаждары мен ландшафттары, табиғаттың көркем көріністері мен қорғауға алынған табиғи орындар және т. б.);

3. «Тұрмыс және салт-дәстүрлер» (шетелдегі қазақ қауымының тұрмыс-салты, халықтық мерекелер, қолөнер, шаруашылық және т.б.).

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

1. Байқауға аталған номинациялар бойынша тақырыпқа және техникалық сипаттамаларға сәйкес келетін кез келген қолжетімді техникалық құралдармен түсірілген фотосуреттер ұсынылады;

2. Байқауға бұрын жарияланбаған және басқа конкурстар мен көрмелерге қатыспаған жұмыстар ғана қабылданады;

3. Байқау жұмыстары тақырыпқа және байқау номинацияларының біріне сәйкес келуі тиіс;

4. Байқау жұмыстарына қойылатын техникалық талаптар:

  • JPEG форматта, 
  • 300 dpi сурет ажыратымдылығы;
  • өлшемі 5 Мб-дан артық емес;

5. Фотосуретте авторлық плашка, жақтаулар, дақтар, қолтаңба және т. б. басы артық белгілер болмауы керек.;

6. Фотосуреттер кез келген түсті гаммада ұсынылады (автордың қалауы бойынша);

7. Фотобайқауға жарнамалық сипаттағы жұмыстар қабылданбайды;

8. Белгіленген межелі мерзім өтіп кеткен соң жіберілген байқау жұмыстары қарауға қабылданбайды.

Байқау жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен дипломдарды тапсыру үшін жүлдегерлер Түркістан қаласында өтетін Отандастар форумына шақырылады.