Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысы әскери бөлімге барды
15:33 / 2021-01-11

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 11 қаңтарда Жыззақ облысына сапарлай барып, онда Орталық әскери округтің артиллериялық бригадасында болды.

Бұл әскери бөлімде ауқымды құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық заманауи қолайлықтар жасалған. Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияев атаулы нысандағы жағдайды көзден кешіріп: - Біздің басты мақсатымыз - халық пен армияның бірлігі. Әскери бөлім есігі ел үшін әрқашан ашық болуы керек. Мұнда жастарды әкеліп, көрсету және үйрету керек. Бұл оларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, еліміздің тарихы мен қуаты туралы білімдерін байытуға қызмет етеді. Бұл нәрседен ата-аналарда қуанады, - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы сарбаздардың жаттығудағы дайындығын көрді. Әскери білім мен дағдыларды мектептен бастап жетілдіру, әскери мектептер мен әскери округтер арасындағы байланысты нығайту маңызды екендігі айтылып, жауапты азаматтарға қазіргі әлемде байқалып отырған қауіп-қатерлерге сүйене отырып, жауынгерлік дайындық деңгейін жаңа деңгейге көтеру, шетелдік тәжірибені зерделеу, ең озық ақпараттық технологияларды игеру тапсырылды.

Мұндағы жатақханаларда әскери қызметшілердің тұруы, демалуы, уақытын мазмұнды өткізуі және білімдерін шыңдауы үшін барлық жағдайлар жасалған. Әскери бөлімнің ас үйіне қызмет көрсету үшін аутсорсинг жүйесі енгізілген болып, бұл сарбаздарға барлық уақытын және күшін кәсіби дайындыққа жұмсауға мүмкіндік береді.