Өзбекстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Мемлекет басшысының жұмыс аптасының жоспары бойынша журналистерге брифинг өткізді.
Брифинг басында Шерзод Асадов Президенттің өткен аптадағы қызметіне шолу жасап осы аптадағы жұмыс кестесімен қатысатын іс-шаралар туралы мәлімет берді.
- Осы аптада да бірқатар іс-шаралар жоспарланған. 15-16 шілдеде Ташкентте өтуі жоспарланған «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық байланыс. Қауіптер мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясына дайындық бойынша кездесу, Ташкентті абаттандыру және көгалдандыру бойынша презентация болады. Ертең мыс өндірісін әрі қарай дамыту және өнеркәсіптік кластерді құру жөніндегі кеңес жоспарланып отыр, ал Жаңа Өзбекстан университетін құру шаралары туралы презентация 23 маусымға жоспарланған.
Сонымен қатар, жұмыс аптасының барысында Президент Ташкентте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен де танысатын болды, - деді Шерзод Асадов.