«Оскар» сыйлығын табыстау салтанаты бірнеше елде өтуі мүмкін
АҚШ киноакадимиясы кинематографиядағы үздік марапат «Оскар» сыйлығын табыстау салтанатын тарихта алғаш рет бірнеше елде өткізуді жоспарлауда.
Кино саласында 93-ші реткі үздіктерді марапаттау рәсімі әлемдік індеттің тарауына байланысты Лос-Анджелес қаласынан бөлек Париж және Лондонда өтуі мүмкін.
Нollywood Reporter басылымының мәліметінше, ұйымдастырушылар кейбір кандидаттардың пандемияға байланысты АҚШ-қа келуі нақтыланбай тұрғанына орай осындай шешімге келген.
Сыйлықты табыстау шарасы сәуірдің 25-іне жоспарланған, бірақ оның Париж бен Лондондағы өтетін орны әлі белгісіз. Бірақ ұйымдастырушылар тобы барлық қатысушыларды Лос-Анджелеске келуге шақырған.
АҚШ-қа келетін қатысушылар 10 күндік карантиннен өтуі керек. Осыған байланысты барлық шығындарды «Оскар» ұйымдастырушылары өтеуге дайын екенін мәлімдеген.