94-ші реткі «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімін сахнадан сөйлеп, жүлдегерлер есімін атап шақыратын жүргізуші басқаратын болады. Бұл жағдай соңғы үш жылда алғаш рет болғалы тұр.
«Осы жылы салтанатты рәсімді жүргізуші болады», - деді ABC Entertainment президенті Крейг Эрвич Телевизия сыншылары қауымдастығының іс-шарасында. Бірақ ол салтанатты кешті кім жүргізетінін атамаған.
Кинематографиядағы үздіктерді «Оскар» сыйлығымен салтанатты түрде табыстау кеші соңғы рет жүргізушімен бірге 2018 жылы өткен еді. Сол кешті американдық теледидар жүргізушісі, комик, сценарист, продюсер және актер Джимми Киммел жүргізген болатын.
2019 жылы актер Кевин Харт кеш жүргізушісі болуы керек еді, бірақ ол белгілі себептермен бұл кешті басқаралмады.
2020 жылы ұйымдастырушылар тағы да жүргізушісіз өткізді.
2021 жылы коронавирустық пандемияға байланысты рәсім аралас форматта шектеулі қонақтар санымен және бір уақытта бірнеше жерде өткені белгілі.
Осы жағдайларға байланысты жылда бір-ақ рет өтетін атақты телешоу және салтанатты кеш саналатын «Оскар» табыстау рәсімінің рейтингі төмендегені байқалады.
АҚШ киноакадимиясының кинематографиядағы үздіктерді «Оскар» сыйлығысмен марапаттау салтанатты кеші 2022 жыл 27 наурызда өтеді.