«Golden Boy Promotions» промоутері Оскар Де Ла Хойя қазақстанық Геннадий Головкин мен мексикалық Хайме Мунгуия арасындағы өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты.
ESNews-ке берген сұхбатында Де Ла Хойя, «Ия, біз GGG-дің адамдарымен келіссөздер жүргізудеміз. Ол жағынан жақсы жетістіктерге жеттік. Сондықтан мен бұл жекпе-жекті жақын арада жариялауға байсалдымын. Бұл жекпе-жек көпшілікті қызықтырады деп ойлаймын», деген.
Бұхан дейінгі хабарда, Головкин мен Мунгуия бұған дейін 2018 жылы жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер жүргізген, бірақ мемлекеттік бокс комиссия мүшесінің бірі мұны мақұлдамаған. Содан кейін келіссөздер тоқтаған. Оған Мунгияның әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге тәжірибесі жетіспеуі себептігі көрсетілген. Мунгуия қазір 24 жаста және WBO орта салмақтағы титулын жеңіп алғаннан бері тәжірибе жинады, делінген болатын.
Ал, қазақсандық 38 жастағы Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2020 жыл соңында польшалық Камил Шереметаға қарсы өткізіп, оны 7 раундта нокаутқа жіберді және IBF, IBO белбеулерін сәтті қорғады.