Лос-Анджелесте 96-шы «Оскар» фильмін марапаттау рәсімі өтті. «Оппенгеймер» картинасы «Үздік фильм» номинациясында «Оскар», ал оның режиссері Кристофер Нолан «Үздік режиссер» номинациясында «Оскар» сыйлығымен марапатталды.
«Оппенгеймер» фильмінже басты рөлді сомдаған Киллиан Мерфи «Үздік ер адам рөлі» номинациясында «Оскар» сыйлығын, ал «Екінші пландағы үздік ер адам» номинациясын кіші Роберт Дауни алды. Жалпы «Оппенгеймер» туындысы жеті «Оскар» алды.
Дуэйн Джой Рэндольф «Тастап кеткен» фильміндегі образы үшін «Екінші пландағы үздік актриса» атанды. «Үздік әйел рөлі» үшін «Оскар» Эмма Стоунға режиссер Йоргос Лантимос түсірген «Бақытсыз кедейлер» фильміндегі рөлі үшін берілді. Фильм сонымен қатар «Үздік костюм дизайны, макияж және шаш үлгісі» және «Үздік суретші» номинациялары бойынша «Оскар» сыйлығымен марапатталды.
Режиссёр Мстислав Чернов түсірген «Мариупольдегі 20 күн» фильмі үздік толықметражды деректі фильм ретінде марапатталды.
Үздік анимациялық фильм үшін сыйлық Хаяо Миядзакидің «Бала мен құс» фильміне нәсіп етті.