Оскар-2022 сыйлығына үміткер фильмдер тізімі жарияланды
Америка киноакадимиясы кинематографиядағы үздік марапат «Оскар» сыйлығына үміткер фильмдер тізімін жариялады.
Марапаттау рәсімі биыл коронавирустық пандемия салдарынан 27 наурызда өтетін болды. 94-ші реткі үздіктер қатарында австралиялық режиссер Джейн Кэмпион түсірген «Ит күші» (the power of the dog) атты драмасы 12 номинация бойынша «Оскар» жүлдесіне ең көп ұсынылған фильм болды.
Бұған дейін «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімін сахнадан сөйлеп, жүлдегерлер есімін атап шақыратын жүргізуші басқаратын хабарланған болатын. Бұл жағдай соңғы үш жылда алғаш рет болғалы тұр.
Негізгі номинациялар бойынша үміткерлер:
Үздік фильм
- «The Power of the Dog» (Ит күші)
- «Belfast» (Белфаст)
- «CODA» (CODA: саңырау ата-ана баласы)
- «Don't Look Up» (Жоғары қарамаңыз)
- «Drive My Car» (Менің көлігімді басқар)
- «King Richard» (Король Ричард)
- «Dune» (Құмтөбе)
- «Licorice Pizza» (қызылмия пицца)
- «Nightmare Alley» (Қорқыныш аллеясы)
- «West Side Story» (Вестсайд тарихы)
Үздік актёр
- Уилл Смит, «King Richard»
- Хавьер Бардем, «Being the Ricardos»
- Бенедикт Камбербетч, «The Power of the Dog»
- Эндрю Гарфилд, «Tick, Tick... Boom!»
- Дензел Вашингтон, «The Tragedy of Macbeth»
Үздік әйел актриса
- Николь Кидман, «Being the Ricardos»
- Джессика Честейн, «The Eyes of Tammy Faye»
- Оливия Колман, «The Lost Daughter»
- Пенелопа Круз, «Madres paralelas»
- Кристен Стюарт, «Spencer»
Үздік режиссер
- Кеннет Брана, «Belfast»
- Рюсуке Хамагути, «Drive My Car»
- Пол Томас Андерсон, «Licorice Pizza»
- Джейн Кэмпион, «The Power of the Dog»
- Стивен Спилберг, «West Side Story»
Үздік шетелдік фильм
- «È stata la mano di Dio» («Құдай қолы», Италия)
- «Drive My Car» («Менің көлігімді басқар», Жапония)
- «Flugt» («Қашу», Дания)
- «Lunana: A Yak in the Classroom» («Лунана: керемет бөлмедегі як», Бутан)
- «Verdens verste menneske» («Әлемдегі ең нашар адам», Норвегия)