Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оскар-2022 марапатын табыстау салтанаты кейінге шегерілді
10:17 / 2021-06-01

Кинематографиядағы үздік марапат саналатын «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2022 жылдың наурыз айына көшірілді.

«Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы мен ABC 94-ші реткі «Оскар» сыйлығының табыстау салтанатын 2022 жылдың наурызы жексенбі күніне ауыстырылатындығын хабарлайды», - делінген сайттағы ақпаратта.

Осылайша 94-ші әлем кино үздіктерін марапаттау салтанаты бір айға шегеріліп, 2022 жылдың 27 ақпанынан 27 наурызға ауыстырылған. Ұйымдастырушылар шараның кешіктірілу себебін нақты көрсетпеген және осы күнгі ресми салтанатты кеш тағы да өзгеруі мүмкіндігін мәлімдеген.

Киноакадемия мәлімдемесіне сәйкес 94-ші марапаттардың толық ережелері мен санаттарын қабылдау мерзімі маусым айында жарияланады.

Еске сала кетейік, 2021 жылда Хлоя Чжао деген атпен танымал, американдық кинорежиссер, сценаристтің «Көшпенділер жері» (Nomadland) атты картинасы үздік фильм деп табылған еді.