Кино индустриясы әлеміндегі ең маңызды оқиға АҚШ киноакадемиясы «Оскар» сыйлығының 93-ші реткі үздіктерін анықталды.
Лос-Анджелостағы Dolby театрында өткен салтанатты табыстау шарасы тарихта бірінші рет фестиваль әлемнің 242 елінде онлайн режимде өтіп, онда «Көшпенділер жері» (Nomadland) атты картина үздік фильм деп табылды.
Фильмнің сюжеті өмірлік жолдасы мен шаңырағынан айрылып, Американың алыс жолдарына көшпелі шағын үйде сапар шеккен әйелдің өмірі жайлы баяндайды. Режиссері Хлоя Чжао. Туындыдағы басты кейіпкерді сомдаған Фрэнсис Макдорманд осы рөлі үшін «Оскар» сыйлығына үшінші рет лайық деп табылды.

Сонымен «Оскар» - 2021 үздіктерінің биылғы иегерлері мыналар:
Үздік фильм - «Көшпенділер жері» (Nomadland)
Үздік режиссерлық жұмыс - Хлоя Чжао («Көшпенділер жері»)
Үздік актер – Энтони Хопкинс («Әке»)
Үздік актриса - Фрэнсис Макдорманд («Көшпенділер жері»)
Екінші пландағы үздік актер - Дэниэл Калуя («Иуда және қара мессия»)
Екінші пландағы үздік актриса - Юн Еджон («Минари»)
Үздік шетелдік көркем фильм - «Тағы бір реттен» (Дания)
Фильм үшін үздік музыка - «Fight For You» («Иуда және қара мессия»)
Үздік операторлық жұмыс – Эрик Мессершмидт («Манк»)
Үздік қысқа метражды көркем фильм - «Колетт»
Үздік деректі фильм – «Менің ұстазым-осьминог»
Үздік түпнұсқалы сценарий – «Үміт сыйлайтын қыз», сценарий- Эмеральд Феннел
Үздік адаптацияланған сценарий – «Әке» Флориан Зеллер және Кристофер Хэмптон