Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ОСК Өзбекстандағы президент сайлауының логотипін таныстырды
14:18 / 2021-07-29

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы президент сайлауының логотипін таныстырды. Атаулы логотипті сызу үстінде 3 ай жұмыс істелген.

«Әлемдік тәжірибеде, Ресей, АҚШ, Франция және Корея Республикасы сияқты елдердің сайлау тәжірибесін зерттеу көрсеткендей, дамыған елдердің көпшілігі өздерінің сайлау науқанында пайдаланатын логотипте үш аспектінің болуына назар аударған. Олар - белгілі бір дата, бәріне түсінікті нышан, мемлекеттік тудың түсі. Ең бастысы, логотип қажетті ақпаратты береалуы керек» - деген ОСК баспасөз орталығының жетекшісі Санжар Рашидов.

Президенттік сайлау логотипін жасауда аранйы топ 3 ай жұмыс істеп, соңғы таңдау 16 дизайнерлік нұсқадан таңдалған. Бұл топқа елдің барлық салаларындағы азаматтардан құралған ғалымдар, психологтар, өнертанушылар, әлеуметтанушылар, сонымен қатар халықаралық зерттеушілер мен сарапшылар қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясының Ақпараттық қызметі сайлауды ашық түрде өткізу мақсатында құрылған ақпараттық «Saylov2021.uz» порталы мен мобильдік қосымшасын таныстырды. Бұл ретте порталдың ыңғайлылығы мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілген.

Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауы туралы барлық ақпаратты осы порталдан алуға болады. Портал сайлау науқаны кезінде жұмыс істейді. Сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін ол өз жұмысын тоқтатады.