Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан президенттігіне үміткерлердің сенімді өкілдерін тіркеді.
ОСК мәліметінше, сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес Өзбекстан президенттігіне кандидаттың сенімді өкілдерін Өзбекстан президенттігіне кандидат ОСК тіркегеннен кейін оның ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы тіркейді. Кандидаттың сенімді өкілдеріне Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлік береді.
Сенімді өкілдер президенттікке кандидатқа сайлау науқанын жүргізуге, оны сайлау алдындағы үгіт-насихатын жүргізуге көмектеседі, мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер, сайлау комиссияларымен қарым-қатынаста кандидаттың мүддесін білдіреді.
Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының жанынан сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде жедел ақпарат орталығын құру туралы шешім қабылданып, тиісті ереже бекітілді.
Сыртқы істер министрлігінің хаттамасына сәйкес, ОСК шешімімен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының 12 өкілі аккредиттелген.