ОСК: Сайлау өтті деп жариялау үшін жеткілікті дауыс жиналды
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 11:00-ге дейін Өзбекстанда сайлаушылардың 33,6 пайызы дауыс берген.
ОСК сағат 11: 00-ге дейін қанша сайлаушы дауыс беруге келгені туралы ақпаратты жариялады. Онда 24 қазан күні сағат 8:00 бен 11:00 аралығында 6 669 552 сайлаушы дауыс беріп үлгергені көрсетілген. Бұл жалпы сайлаушылардың 33,6 пайызын құрайды.
Өзбекстан Республикасы Сайлау кодексінің 96-бабына сәйкес, сайлауға қатысушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 33 пайызы дауыс берген болса, сайлау өтті деп есептеледі.
«Бұл кезекті сайлау процесін өтті деп есептеуге болады және біз сайлау процесіне қатысушы барлық сайлаушыларды құттықтаймыз», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бахром Кучкаров.
