Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға Өзбекстандағы президент сайлауына қатысуға рұқсат берді.
ОСК мәліметінше, саяси партиялардың уәкілетті өкілдері қатысқан отырыста партияларға белгіленген мерзімнен бұрын Өзбекстан президенті сайлауына қатысуға рұқсат беру мәселесі талқыланды.
«Сайлау кодексіне сәйкес, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы, Өзбекстан либерал-демократиялық партиясы, «Адолат» социал-демократиялық партиясы, Өзбекстанның экологиялық партиясы және Өзбекстанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы белгіленген мерзімнен бұрын президенттік сайлауға қатысуға рұқсат сұрап тапсырған құжаттары қаралып, осы партияларға 2023 жыл 9 шілдеде өтетін Өзбекстан президенті сайлауына қатысуға рұқсат беріліп, тиісті шешімдер қабылданды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, отырыс аясында саяси партиялардың уәкілетті өкілдеріне сайлауға қатысуға рұқсат беру туралы куәлік, сондай-ақ көрсетілген үлгідегі қол қою бланкілері табыс етілді.