ОСК: Сағат 15:00-ге дейін сайлаушылардың 62,70 пайызы дауыс беруге қатысқан
Өзбекстан бойынша Олий Мажлис Заң шығару палатасы мен жергілікті кеңестер депутаттарын сайлауда дауыс беру үдерісі жалғасуда.
Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз орталығында ОСК төрағасының орынбасары Б.Қучқоровтың қатысуымен кезекті брифинг өтті. Онда сайлау үдерісінің барысы туралы ақпарат берілді.
Сағат 15:00-ге дейін сайлаушылардың жалпы санының 12 миллион 504 мың 688-і немесе 62,70 пайызы дауыс беруге қатысқан.
Сондай-ақ, брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Ақпарат орталығының 12-00 қысқа нөміріне 15:00-ге дейін азаматтардан барлығы 131 өтініш келіп түскені айтылды.