Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ОСК: Президент сайлауындағы қорытынды нәтиже жарияланды
14:14 / 2021-10-29

Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауында кандидаттардың алған дауыс қорытындысы туралы статистиканы жариялады.

Онда, Өзбекстан Республикасы бойынша жалпы 20 158 907 сайлаушыға дауыс беру бюллетені жіберілген болып, сайлауға 16 212 343 азамат қатысқан.

Сайлауда пайдаланылмаған, бүлінген және күші жойылған бюллетеньдердің жалпы саны 4 47 0 358 дананы құрады.

Кім қанша дауыс алды?

«Адолат» социал-демократиялық партиясынан Бахром Абдухалимов – 549 766 адам немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 3,39 пайызы;

Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан кандидат Шавкат Мирзияев – 12 988 964 адам немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 80,12 пайызы;

Экологиялық партиясынан кандидат Нарзулло Обломурадов – 670 641 адам немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 4,14 пайызы;

«Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан кандидат Алишер Қодиров – 888 515 адам немесе сайлаушылардың 5,48 пайызы;

Халық-демократиялық партиясының кандидаты Мақсуда Ворисова - 1 075 016 дауыс немесе жалпы сайлаушылардың 6,63 пайызы.