2024 жыл 27 қазан күні Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығарушы платасы мен жергілікті кеңес депутаттарын сайлау жоғары деңгейде өтті.
Ел тарихында алғаш рет парламент сайлауы аралас жүйе – мажоритарлық және пропорционал сайлау жүйесі негізінде ұйымдастырылды.

Бүгін, 28 қазанда Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында ОСК төрағасы З.Низамходжаевтің қатысуымен сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша брифинг болып, оның барысында 15 миллион 27 мың 529 сайлаушы немесе жалпы сайлаушылардың 74,72 пайызы дауыс бергені айтылды.
[gallery-20068]

Пропорционал сайлау жүйесі бойынша Олий Мажлис Заң шығарушы палатасына Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы 5 миллион 194 мың 41 дауыс жинап, 26 депутаттық орынға, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы 2 миллион 812 мың 493 дауыс жинап, 14 орынға, Өзбекстан Экология партиясы 1 миллион 960 мың 764 дауыс жинап, 10 орынға, Халық демократиялық партиясы 2 миллион 558 мың 16 дауыс жинап, 13 орынға, «Адолат» социал-демократиялық партиясы 2 миллион 420 мың 857 дауыс жинап, 12 орынға ие болды.

Мажоритарлық жүйе бойынша Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан 38, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы 15, Өзбекстан Экология партиясынан 6, Халық демократиялық партиясы 7, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан 9 депутат сайланды.



Жалпы алғанда, Заң шығарушы палатаға Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясынан 64, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан 29, «Адолат» социал-демократиялық партиясынан 21, Халық демократиялық партиясынан 20, Экология партиясынан 16 депутат сайланды.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/zHnf9KZiJN8?si=lsddBzifyMWinBGB" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>М.Комилова, ӨзА