Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Орталық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының өкілімен кездесу өтті
11:48 / 2024-10-25

Өзбекстанда өтетін Олий Мажлис Заң шығарушы палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттарын сайлауға дайындық аясында шетелдік бақылаушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері елімізге келіп, сайлауға дайындық барысымен танысуда.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы З.Низомхожаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының арнайы үйлестірушісі әрі жетекшісі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Экономикалық істер, ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі басты комитетінің төрағасы Азай Гулиевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2024 жылдың 27 қазанында өтетін Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығарушы палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізумен байланысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Халықаралық ұйымдардың бұрынғы сайлауларды бақылау миссияларының қорытындылары мен ұсыныстарын ұлттық заңнамамызға және тәжірибемізге енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сайлауға қатысты құқықтық базаны жетілдіру үдерісі сөз болды.

Сонымен қатар, қонақтарға биылғы сайлаудың аралас сайлау жүйесі негізінде өткізілетіні және оның ерекшеліктері, ұлттық сайлау тәжірибесіне енгізілген жаңашылдықтардың бірі — «E-Saylov» ақпараттық жүйесінің артықшылықтары таныстырылды. Әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған қолайлы жағдайлар туралы да егжей-тегжейлі мәлімет берілді.

[gallery-19964]

Кездесу қатысушылары сайлау тәртібі мен рәсімдерін жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, бұл алдағы сайлаудың жалпыға танылған халықаралық демократиялық қағидаттарға сай, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуіне ықпал ететініне сенім білдірді.

М.Комилова, А.Алижонов (сурет), ӨзА