Орталық банк халықаралық ұйымға мүше болды
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі Халықаралық қаржылық тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымына ((International Financial Consumer Protection Organisation – FinCoNet)) мүше болды.
Бұл ұйыммен ынтымақтастық Өзбекстанның банк жүйесіне қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында көшбасшы болып табылатын шет мемлекеттердің озық тәжірибесін енгізуге, мүше мемлекеттердің реттеуші органдарымен тиімді байланыс орнатуға, салаға қатысты заңнамалық құжаттар мен қолданыстағы рәсімдерді жетілдіруге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту, қызметкерлердің біліктілігін одан әрі арттыру және олардың қажетті білім мен дағдыларға ие болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.