Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Орталық банк негізгі мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды
16:13 / 2021-01-21

Өзбекстан Орталық банкі бейсенбі, 21 қаңтарда өткен кезекті отырысында базалық мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы Орталық банк Үкіметпен бірге жыл соңына дейін инфляцияның 10 пайыздан төмен аралық мақсатты көрсеткішіне жету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.

2018 жылдың басында Орталық банк базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде бекітті. 2019 жылы бұл көрсеткіш 16 пайызға дейін өсті. 2020 жылдың наурызында базалық ставка 16 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бірақ 2020 жылғы 14 сәуірдегі шешіммен базалық мөлшерлеме 1 пайызға дейін төмендетіліп, жылдық 15 пайыз мөлшерінде белгіленді. Ал, 10 қыркүйекте орталық банк базалық мөлшерлемені 1 пайызға төмендетіп 14 пайызға дейін қысқартып осы көрсеткіш жыл соңына дейін өзгеріссіз қалған еді.