Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Орталық банк негізгі мөлшерлемені 17 пайызға көтерді
15:17 / 2022-03-17

Өзбекстан Орталық банкі базалық мөлшерлемені 3 пайызға көтеріп, жылдық 17 пайызға жеткізу туралы шешім қабылдады.

Орталық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 наурызда Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің басқармасы базалық мөлшерлемені жылдық 17 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. 

Еске салар болсақ, базалық мөлшерлеме соңғы рет 2020 жылдың 10 қыркүйегінде өзгерген. Сол кезде Орталық банк мөлшерлемені 1 пайызға төмендетіп 14 пайыз етіп белгілеген еді.