French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Орталық банк негізгі мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырды
10:53 / 2023-05-05

Өзбекстан Орталық банкі бейсенбі күні өткен кезекті отырысында базалық мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады.

Банк дерегінше, бұл шешім экономикадағы баға өсімін одан әрі бәсеңдетуге көмектесетін ақша-кредиттік шарттарды қамтамасыз етуге, сондай-ақ наурыз айындағы негізгі мөлшерлеменің төмендеуінің жиынтық сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне оң әсерін жалғастыруға бағытталған.

Онда айтылуынша, жылдық инфляция деңгейі наурыз және сәуір айларында төмендеуді жалғастырып, тиісінше 11,7 және 11,0 пайызды құрады. Бұл төмендеуде маусымдық факторлар мен өткен жылдың жоғары базалық әсері де маңызды рөл атқарды.

Жаңартылған болжамдарға сәйкес, 2023 жылдың соңында ЖІӨ-нің нақты өсімі бастапқы болжамнан жоғарырақ болу ықтималы артуда.

Орталық банк ақша-кредит шарттарының жиынтық сұранысқа, баға деңгейіне және инфляциялық күтулерге әсерін бағалауды жалғастырады. Бұл ретте қабылданған шешімдер болжамдық дәліз шеңберінде инфляцияның қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, делінген Орталық банк таратқан ақпаратта.

ОБ басшылығының базалық мөлшерлемені қарау бойынша келесі отырысы 2023 жылдың 15 маусымына жоспарланған.