Өзбекстан орталық банкі Исламдық қаржылық қызметтер кеңесіне мүше болды.
2002 жылы құрылған, бас кеңсесі Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) орналасқан кеңестің қызметі исламдық қаржы институттарын реттеу және бақылау бойынша халықаралық стандарттар әзірлеуге, корпоративтік басқарудың тиімді механизмдері мен тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуге бағытталған.
Сондай-ақ, осы салада кадрлардың әлеуетін арттыру, зерттеулер жүргізу және мүше ұйымдарға қолдау көрсетуге бағытталған.
Бұл ұйымға мүше болу басқа елдердің тәжірибесін зерттеуге және Өзбекстанда исламдық қаржы институттарының қызметін реттеу және бақылау саласында озық халықаралық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Кеңестің 188 мүшесі бар. Олар қатарында 81 реттеу және бақылау органдары, 10 халықаралық үкіметаралық ұйым және 97 нарық қатысушылар орын алған. Сондай-ақ, Кеңеске Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның қаржылық реттеуші органдары да мүше.