Орталық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
ӨР Орталық банк басқармасы 2024 жыл 12 желтоқсандағы отырысында негізгі мөлшерлемені жылдық 13,5 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.
«Соңғы айларда экономикада жоғары сұраныс пен баға өсіретін қысымдардың сақталып отырғаны аясында инфляция деңгейінің болжамға қарағанда баяу төмендеуі және инфляциялық күтулердің жоғары қалыптасуы байқалуда. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жалпы инфляцияның болжамды диапазонның жоғарғы шегінде болуы күтілуде. Инфляциялық үрдістер мен күтулерді, сондай-ақ орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 5 пайыздық мақсатқа дейін төмендетуге алғышарттар жасау үшін ақша-несие шарттарының қатал деңгейі қазіргі күйінде сақталды», – делінген Орталық банктің хабарламасында.