Орталық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
Өзбекстан Орталық банкі басқармасының 2022 жылғы бірінші отырысында жылдық базалық мөлшерлемені өзгеріссіз 14 пайыз деңгейінде қалдырды.
ӨР Орталық банкі басқармасының 20 қаңтардағы отырысында базалық мөлшерлемені жылдық 14 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.
Еске салар болсақ, өткен 2021 жылы базалық мөлшерлеме 14 пайыз деңгейінде сақталған еді.