Орталық банк базалық мөлшерлемені 16 пайызға түсірді
Өзбекстан Орталық банкі базалық мөлшерлемені 1 пайызға төмендетіп, жылдық 16 пайызға жеткізу туралы шешім қабылдады.
Орталық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 маусым күні Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің басқармасы базалық мөлшерлемені жылдық 16 пайызға түсіру туралы шешім қабылдады.
Еске салар болсақ, базалық мөлшерлеме соңғы рет 2022 жылдың 10 17 наурызында өзгерген. Сол кезде Орталық банк мөлшерлемені бірден 3 пайызға өсіріп 17 пайыз етіп белгілеген болатын.