Өзбекстанның бастамасымен 26 наурызда Орталық Азиядағы азаматтығы жоқ адамдардың санын азайту және жою бойынша аймақтық жиын өтеді.
Онлайн-пікірталас Өзбекстан Республикасының халықаралық міндеттемелері және Президент Шавкат Мирзияевтің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 46-сессиясында алға қойған бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Іс-шара БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің азаматтығы жоқ адамдардың санын азайтуға шақыруын қолдауға бағытталған.
Бейне байланыс форматтағы дөңгелек үстелде Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстандағы азаматтығы жоқ адамдармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, оның ішінде сыртқы істер, ішкі істер, әділет министрліктері, көші-қон және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер, статистика комитеттері, сондай-ақ ұлттық адам құқықтары институттары және аймақтағы тиісті азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Шараның басты мақсаты - азаматтығы жоқ адамдардың санын азайту және жою саласындағы халықаралық стандарттарды талдау. Сонымен бірге «#Ibelong» жаһандық компаниясы негізінде Орталық Азиядағы азаматтығы жоқтық проблемасын жою саласындағы жалпы прогресті бағалау, азаматтығы жоқтық бойынша жоғары деңгей сегментінің тиімділігін талдау және аймақ елдері қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қарастыру жоспарланған.
Дөңгелек үстел барысында осы саладағы озық тәжірибелермен және маңызды нәтижелермен алмасу, сонымен қатар, азаматтығы жоқтықты жоюдағы бар олқылықтар, осыған қатысты заңнамадағы қажетті өзгерістер, бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келмейтін қолданыстағы тәжірибе жүйесін қайта қарау қарастырылған.