«Орталық Азия – Қытай» саммиті 2025 жылы Қазақстанда өтеді
Мемлекеттер басшылары «Орталық Азия – Қытай» саммитінің қорытындысы бойынша Сиань декларациясына қол қойды.
Turkystan.kz сайтының хабарлауынша, келесі «Орталық Азия – Қытай» саммиті 2025 жылы Қазақстанда өтеді.
Еске сала кетейік, 18-19 мамыр аралығында Қытайдың Шэньси провинциясының Сиань қаласында Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшыларының қатысуында бірінші «Орталық Азия-Қытай» саммиті өтті.
Онда, Қытай мен Орталық Азия елдерінің басшылары осындай форматтағы кездесуді екі жылда бір рет Қытай мен Орталық Азия елдерінде кезектесіп өткізуге келіскен.
Осылайша келесі 2025 жылы болатын саммит көрші Қазақстан елінде өтеді.