Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы: өзара тиімді ынтымақтастық перспективасындағы стратегиялық диалог» тақырыбында сарапшылар форумы басталды.
Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтіп жатқан конференцияға Орталық Азия елдерінің, аймақтық мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылық-талдау, Корея Республикасының ғылыми-академиялық топтары қатысуда.
Форумды Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының директоры Эльдор Арипов ашты.
Хангук шет тілдер университеті жанындағы Корея халықаралық аймақтық зерттеулер орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл сарапшылық форумда Орталық Азиядағы қазіргі жағдай, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, мәдени-гуманитарлық диалогты кеңейту мәселелері талқыланды.
Корея тарапынан Халықаралық аймақтық зерттеулер орталығының директоры Кан Джун Ён, «Корея Республикасы-Орталық Азия» ынтымақтастық форумының атқарушы директоры Ли Джонг-Гук, экономикалық қауіпсіздік бойынша Корея Республикасы Президентінің хатшысы Ван Юн Джун, Корея Республикасы Президенті кеңсесінің арнайы спикері Ом Нарин, Ұлттық стратегиялар жөніндегі ғылыми жобалар агенттігінің профессорлары мен сарапшылары қатысты.