Орталық Азия «Esports» федерациясы құрылды
Өзбекстан «Esports» федерациясының бастамасымен Орталық Азия елдері - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның кибер спорт ұйымдары басшыларының қатысуында алғашқы бейнеконференция ұйымдастырылды.
Бейнеконференцияда тараптар аймақта кибер спортты дамыту және насихаттау туралы пікір алмасып, бірлескен жобаларды ұйымдастыру және басқа да бірқатар маңызды мәселелер бойынша меморандумға қол қойды. Соның негізінде Орталық «Central Asia Esports Federation» құру идеясы мақұлданды.
Жақын арада бұл процестің құқықтық мәселелері басталады және осы аймақтық ұйымның штаб-пәтері Ташкентте орналасуы жоспарлануда.
«Central Asia Esports Federation» жобасы «IESF» пен «AESF»-тің жанынан ашылып олардың мақсаттарына жетуіне көмектес ретінде жұмыс жасайды.