Орталық Азия мен Қытай сыртқы істер министрлері жаңа форматта кездесу өткізді
16 шілде күін Орталық Азия мен Қытай сыртқы істер министрлері бейне байланыс арқылы алғашқы «Қытай-Орталық Азия» кездесуін өткізді
16 шілде күін Орталық Азия мен Қытай сыртқы істер министрлері бейне байланыс арқылы алғашқы «Қытай-Орталық Азия» кездесуін өткізді.
Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қытай сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин және Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов қатысқан онлайнды отырыста коронавирустық инфекцияның алдын-алу, оның тарауыны алдын-ала бағалау және оған қарсы күрестег ынтымақтастықтың негізгі тетіктері талқыланды.
Трансшекаралық сипаттағы эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін қатысушы елдердің медициналық мамандары ведомстволар арасында үнемі ынтымақтастық орнатуы қажет екендігі сөз болып, бұл ауызбіршілік осы жағдайда өзара сауданы қолдау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономиканы цифрландыру қарқынын жеделдету және көлік пен транзиттік маршруттардың әртараптандырылған жүйесін қалыптастыру үшін қажет екендігі айтылды.
Өзбекстан тарапы пандемиямен және оның келтірер залалымен күресудің кешенді бағдарламасын бірлесіп, жоғарыда аталған ынтымақтастық салаларын қоса әзірлеуді ұсынды.
Кездесуде тараптар бұдан бөлек аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, оның ішінде Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қайта құру туралы пікір алмасты, делінген Өзбекстан СІМ хабарында.