Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Орталық Азия елдері басшыларының екінші Консультациялық кездесуі Ташкентте өтеді
13:10 / 2019-11-22

Консультациялық кездесудің соңында қорытынды құжат қабылданады деп күтілуде.


2019 жылдың 29 қарашасында Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшылары кеңесінің екінші Консультациялық отырысы өтеді.

Саммиттің күн тәртібіне саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері кіріп, халықаралық саясат пен аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріде талқыланатын болады.

Консультациялық кездесудің соңында қорытынды құжат қабылданады деп күтілуде.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының тұрақты кездесулерін өткізу туралы бастама Өзбекстан Республикасының Президенті 2017 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас ассамблеясының 72-сессиясында көтерілгені белгілі. Алғашқы саммит өткен жылдың наурыз айында Қазақстан астансы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.