French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Орталық Азия - АҚШ» («С5+1») кезекті отырысы бейнеконференция түрінде өтті
11:00 / 2020-07-01

Жиында Абдулазиз Камилов Өзбекстан тарапы халықаралық қауымдастықтың Ауғанстандағы бейбітшілік процесін ілгерілету жөніндегі белсенді күш-жігерін қолдайтынын атап өтті


Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Орталық Азия - АҚШ» («С5+1») форматындағы бейнеконференциялы отырысына қатысты.

Жиында, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео қатысқан іс-шарада тараптар аймақтық экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың, заманауи қауіп-қатерлерге, оның ішінде коронавирустың таралуына қарсы тұрудың өзекті мәселелерін талқылады.

СOVID-19 пандемия жағдайындағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, Өзбекстанның сыртқы істер министрі цифрлы экономиканы дамыту, ұлттық транспорттық стратегияларды үйлестіру, ауыл шаруашылығындағы инновацияларды ілгерілету, аймақтың энергетикалық әлеуетін кеңейту, Орталық Азияның экологиялық қиын аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту туралы, соның ішінде Арал өңірін инновациялар мен технологиялар аймағына айналдыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру сияқты салалардағы ынтымақтастыққа баса назар аударуды ұсынылды.

Жиында Абдулазиз Камилов Өзбекстан тарапы халықаралық қауымдастықтың Ауғанстандағы бейбітшілік процесін ілгерілету жөніндегі белсенді күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.

Сыртқы істер министрлері өз сөздерінде С5 + 1 форматы оның маңыздылығы мен өзектілігін Орталық Азиядағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды ілгерілету алаңы ретінде көрсете беретінін тағы да растады.