Өзбекстанда халықтың қажеттілігіне байланысты жыл соңына дейін 10 мың, 2022 жыл 1 қаңтардан тағыда 10 мың орта медициналық қызметкерлер үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.
«Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаларды дәйекті түрде жалғастыру және медициналық кадрлардың әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес орта медициналық қызметкерлер үшін жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Қаулыға сай, отбасылық дәрігерлік пункттер мен емханаларда «медициналық бригадалар» қызметін жолға қою, аудандық және қалалық көпсалалы орталық емханалар көмегінде халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 10 мың, 2022 1 қаңтардан бастап қосымша және 10 мың штат бөлінуі қарастырылған.
Тағы бір жаңашылдық - 2021 жылдың 1 маусымына дейін отбасылық дәрігерлік пункттер мен емханалардың және аудандық-қалалық көпсалалы орталық клиникалардың қажеттіліктері негізінде олардың жаңартылған штаттық нормативтері бекітіледі.
2021 жылдың 1 тамызына дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен жетекші шетелдік сарапшыларды тарта отырып, орта медициналық қызметкерлердің мәртебесі көтеру мақсатында олардың біліктілік талаптарын, міндеттерін, өкілеттігін, жауапкершілігін, мамандандыру бағыттарын, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен жоспарларын толық көлемде қайта қарау керектігі белгіленген.
Осыған байланысты орта медициналық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру мен оны 2021/2022 оқу жылынан бастап толық жүзеге асыру жоспарлануда.