Орландода жолаушылар ұшағында өрт шықты
Орландо халықаралық әуежайында Атлантаға ұшуы тиіс болған Airbus A330 бортында өрт шығып, барлық адам сәтті эвакуацияланды.
Fox35 арнасының хабарлауынша, Орландо халықаралық әуежайында Delta Air Lines әуе компаниясының ұшағының қозғалтқышынан өрт шыққан.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 21 сәуір күні таңертең орын алған. Airbus A330 ұшағы Атлантаға ұшуға дайындалып жатқан. Бортта 200 жолаушы, 10 бортсерік және 2 ұшқыш болған.
Ұшақ қозғала бастаған кезде қозғалтқыштардың бірі отқа оранған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір өрттің шығу себептері тексерілуде.