Ораза айт мерекесіне орай Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев атына шет мемлекеттер мен үкімет басшыларынан және ықпалды халықаралық, аймақтық ұйымдардан құттықтау хаттары келуде. Онда Президентке зор денсаулық пен табыс, Өзбекстан халқына бейбітшілік ізгі тілектері айтылған.
Атап айтсақ, құттықтау жолдаған:
Сауд Арабиясының Королі, Екі Қасиетті Мешіттің қызметкері Салман ибн Абдул-Азиз Әл Сауд,
Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоған
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов
Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмон
Қырғыз Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбеков
Әзірбайжан Республикасы Президенті Ильхам Әлиев
Ауғанстан Ислам Республикасы Президенті Ашраф Ғани
Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани
Египет Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси
Біріккен Араб Әмірліктері Президенті Шейх Халифа ибн Зайд әл-Нахаян
Кувейт әмірі Наваф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах
Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик әл-Саид
Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифа
Иордания королі Абдулла II
Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Абдулмажид Таббун
Тунис Республикасының Президенті Кайс Саид
Сингапур Республикасының Президенті Халима Якуб
Палестина президенті Махмуд Аббас
Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері, Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қорғаныс министрі Мұхаммед ибн Салман бен Абдулазиз Әл Сауд
Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Бас қолбасшысының орынбасары, Абу-Даби Әмірлігінің тақ мұрагері - шейх Мұхаммед ибн Зайд әл-Нахаян
Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министр, Дубай әмірлігінің губернаторы Шейх Мұхаммед ибн Рашид әл-Мактум,
Кувейт Мемлекетінің мұрагер ханзадасы Мишаал әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах
Сингапур Республикасының Премьер-Министрі Ли Сянь Лун
Ислам Даму Банкі тобының президенті Бандар бин Мұхаммад Хамза Хаджар
Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Амреев
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ходи Сулейманпур
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллахшукур Пашшазада
Құттықтаулар келуі жалғасуда.